Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан азаматтарының құмар ойындарына қатысу үшін несие алуына жол бермеу мақсатында несие беру шарттарын қатаңдатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы "ҚР кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" қаулы жобасынан белгілі болды. 

Атап айтқанда, несие алушының құмар ойындарын жиі ойнайтыны белгілі болса, оның борыштық жүктеме коэффициентінің ең жоғары деңгейі 0,25-пен шектеледі. 

Ал несие алушының ойын бизнесіндегі белсенділігі келесі тәсілмен айқындалады. Егер адам соңғы 6 ай ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 300 мың теңгеден астам сомада үштен көп мәрте төлем жасаған болса, онда мұндай тұлғаға несие беруде жоғарыда аталған шектеу шарасы қолданылады. 


Оқи отырыңыз: "Үш адамға кредит әперіп, үшеуін де өзім төледім". Қазақтар неге жақындарына несие алып беруге бейім?


Сондай-ақ, ойын бизнесінде белсенді танылған:

  • несие алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;
  • несие алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);
  • несие алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;
  • несиені өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, несие алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі бойынша оң шешім қабылданбайды.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 20 қазанға дейін.