Құлсарыны қалпына келтіру: Жыл соңына дейін 3 ірі жоба жүзеге асырылады
Қазіргі таңда қаланың су тасқынынан бүлінген жолдары жөнделіп жатыр.Биыл Құлсары қаласын абаттандыру бағытында 3 ауқымды жоба жүзеге асырылады, деп хабарлады Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Атап айтқанда, Құлсары қаласындағы ықшамаудандардың аулалары абаттандырылады. Бұл жұмыстар аясында аулаішілік жолдар жөнделіп, автотұрақтар, балалар ойын алаңдары, спорт, оның ішінде баскетбол, футбол алаңдары салынып жатыр.
"Қаланың 11 ықшам ауданында балаларға арналған әмбебап ойын алаңдары және қаланың 38 көшесінде жаяу жүргіншілер мен веложолдар салынып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде", – деді қала әкімі Қадіржан Адинов.
Оқи отырыңыз: Елімізде су тасқынынан зардап шеккендерге қанша үй салынады
Жоспар бойынша, бұл жұмыстардың бәрі күзде аяқталуы тиіс.