Қазіргі уақытта Құлсары қаласынан Атырау қаласына тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде. Бұл үшін жолаушылар пойызы тартылған. Осы сағатқа дейін 2 мыңнан астам жергілікті тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлады Төтенше жағдайоар министрлігінің баспасөз қызметі

Құлсары қаласында 600-ден астам жеке тұрғын үй су астында қалды. Елді мекенде авариялық-құтқару жұмыстарына 745 адам және 280 техника жұмылдырылды. 4 мыңнан астам еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылды. Атырау қаласынан Құлсарға қосымша күштер мен құралдар жіберілді. 

Жем өзенінің су өткізу қабілетін арттыру үшін жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағалауды нығайту үшін инертті материалдар салынған қаптар қойылуда.