Қуаңшылықпен күрескен Құрмет Талапқазы үш бөлмелі үйге ие болды
Үй құнының тең жартысын "Асыл тас" қорының құрушысы қосты.Биыл жазда құрғақшылықтан зиян шеккен өңірлерге шөп жеткізген Құрмет Талапқазы қазақстандықтар сыйлаған үйінде қоныс тойын тойлады.
"Асыл тас" қоғымдық қорының негізін салушы Дулат Тастекеев Шымкентте Құрмет Талапқазыға үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Үй сатып алған 19 миллион теңгенің тең жартысын қазақстандықтар жинаса, қалған жартысын қор иесі берді.
"Биыл қуаңшылық кезінде елдің батыс өңіріне вагон-вагон шөп жеткізіп, бастама көтерген Құрмет Талапқазы Шымкент қаласында баспаналы болды. Қуанышты шараға Алматыдан арнайы барып, Құрмет бауырымызға үш бөлмелі үйдің кілтін табыс еттік. Бұл жерде бастаманы көтерген Мақсат бауырымның еңбегі орасан. Халықты жұмылдыра біліп, небәрі екі күн ішінде 9 миллионнан астам қаражат жинады. Осылайша, қуаншылық кезінде Құрмет ерлік көрсетсе, халқы енді оның құрметіне елдік танытып жатыр. Мақсат бастамаса, халық қолдамаса, маған да ұсыныс түспес еді. Бір қазақтың баласының баспаналы болуына титтей де көмегіміздің тигені көңілге медеу, жүрекке жылу ұялатты. Құрмет Талапқазы бүгіннен бастап Шымкенттің Ынтымақ ықшам-ауданының тұрғыны. 8 сотық жерде орналасқан үйдің ауласында дүкені де бар екен. Бұйырса, сол жерде Құрмет бауырымыз шағын кәсібін ашып, дөңгелетеді деп сенеміз. Ең бастысы, жырақта жүрген ата-анасымен де қауышатын күні бұйырса алыс емес. Әр қазақ біздің жалғызымыз, жұдырықтай жұмыла білейік! Қоныс құтты болсын!" – деп жазды Дулат Тастекеев.
Еске салсақ, тележурналист Мақсат Толықбайдың бастамасымен қазақстандықтар Құрмет Талапқазыға үй алып беру үшін ақша жинаған болатын.