Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді
Тыңдау күні әлі белгіленбеген.Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа кесілген сот үкімін қайта қарау бойынша арыз түсті. Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады.
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді. Тиісті статус сот кеңсесінде бүгін, 11 маусымда пайда болды.
Іс судьяның қарауына жіберілген. Тыңдау күні әлі белгіленбеген.
Еске салайық, 2023 жылғы 9 қарашада Астанадағы Bau мейрамханасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше қаза болды.
13 мамырда астаналық сот экс-министр Қуандық Бишімбаевты 24 жылға бас бостандығынан айырды. Ол аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіргені, сонымен қатар әйелі Салтанат Нүкенованы азаптағаны үшін кінәлі деп танылды.