Қостанайда дәмханада казино жұмыс істеп келген
Астыртын покер ойынын ұйымдастырушылар 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінің ғимаратындағы астыртын покер клубының қызметін әшкереледі.
Заңсыз ойын мекемесін тексеру кезінде табылған заттай айғақтар, атап айтқанда «Покер» ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша сот үкімі негізінде жойылды.
Сот үкімімен астыртын покер клубының ұйымдастырушылары мен сыбайластары ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанның қай өңірінде жиі қылмыс жасалады?
- Қаржы пирамидасының белгілері қандай және оған қалай алданбауға болады?