Қостанай облысында ауа райына қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол". 

"ҚазАвтоЖол" АҚ деректері бойынша 19 қараша сағат 13:40 бастап ауа райының бұзылуына (тұман, көрінудің шектелуі) «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-218 шақырым аралығында (Әулиекөл ауылы – Октябрьское ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

"Жолды 2025 жылғы 19 қараша сағат 17:00-де ашу жоспарланған", – делінген хабарламада.