"Қор болып жүр". Ағылшынша еркін сөйлейтін күзетші көпшілікті тәнті етті
Күзетші қонақтарға Тайқазанды көрсеткен.Желіде ағылшын тілін жетік білетін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі күзетшісінің видеосы тарады.
TikTok желісінде жарияланған видеодан күзетші ер азамат кесене ішінде шетелдіктермен ағылшынша еркін сөйлесіп тұрғанын көруге болады.
"Білім бар, таныс жоқ деген осы", – делінген видеоның сипаттамасында.
Желі қолданушылары видеодағы ер адам күзетші емес, мұғалім, аудармашы немесе гид болып жұмыс істеуге лайық екенін жазды.
"Күзетшінің ағылшынша сөйлеп тұрғанын көрген шетелдіктер таңғалған шығар", "Бауырымыз күзетші болып қор болып жүр екен, ағылшын мұғалімі болса болар еді", "Мүмкін қосымша жұмысы шығар. Небір жұмыс таңдамайтын пысық ер азаматтар бар ғой", "Бізде ағылшын тілі мұғалімдері осы сияқты сөйлей алмайтын шығар", "Бұл кісіні көргенмін, кесененің айналасында жүреді. Өте білімді бүкіл туристерге түсіндіріп жүреді", "Осы видеодан кейін ағамыздың бағы жанып кетсін", "Әр қазағым осындай жанжақты, білімге бай болсын", – деп жазды желі қолданушылары.