ҚМДБ 2026 жылғы пітір садақасының мөлшерін жариялады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі биылғы Рамазан айының қашан басталатынын және пітір садақасының мөлшерін ресми жариялады.
ҚМДБ Төралқа мәжілісінде пітір садақасы Қазақстан бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 735 теңге болып бекітілді.
"Пітір садақаны берудің уәжіп уақыты айттың бірінші күні. Оны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін берсе де болады. Алайда пітірді айт намазына дейін беру – мұстахаб. Бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (6400 теңге) немесе 4 келі құрмамен (12400 теңге) бергені жақсырақ. Ал підия мөлшері – бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның биылғы мөлшері 4000 (төрт мың) теңге болып бекітілді. Бұған шамасы келмегендер оразаның әр күніне пітір садақасының құнын береді", – деді ҚМДБ төраға орынбасары Сансызбай Құрбанұлы.
Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. 19 ақпан оразаның алғашқы күні болса, 19 наурыз – соңғы күні. 20 наурызда ораза айты мерекесі басталады. Наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні – Қадір түні.
Қазақстанның ірі қалаларында ораза ұстау кестесін осы жерден көруге болады:
2026 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері
- 2026 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері
- Бас мүфти биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталатынын ресми растады