"ҚазТАГ" бас редакторы Әмір Қасенов Астанада ұсталды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады.

Полицияның мәліметінше, редакция қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеке компания өкілінің жазбаша арызы негізінде басталған.

"Арызда көрінеу жалған ақпараттың бірнеше рет таратылып, соның салдарынан олардың іскерлік мүдделері мен беделіне елеулі зиян келтірілгені көрсетілген", – деп жазылған хабарламада.

Тергеу әрекеттері қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілді. 

"Жиналған материалдардың жиынтығын, тергеп-тексеру сатысын және заңда көзделген негіздерді ескере отырып, биылғы жылдың 23 желтоқсанында "ҚазТАГ" бас редакторы ұсталып, Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды", – дейді полиция.

Тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.