"ҚазАвтоЖол": Ауа райына байланысты үш облыста республикалық жолдар жабылды
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қазақстандағы автомобиль жолдарының қазіргі жағдайы туралы ақпарат таратты.
2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 08:30-дағы мәліметке сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды.
Батыс Қазақстан облысында:
"Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 273–393 шақырым аралығы
(Барбастау ауылы – Жымпиты ауылы).
Жетісу облысында:
"Үшарал – Достық" автожолының 84–164 шақырым аралығы
(Көктұма ауылы – Достық стансасы).
Маңғыстау облысында:
"Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автожолының 332–632 шақырым аралығы
(Бейнеу елді мекені – Шетпе елді мекені).
Сонымен қатар 31 желтоқсан күні Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарының кей аумақтарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады деп болжанып жатыр.
"Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіз арақашықтықты ұстануды және жолдағы ауа райы жағдайын ескеруді сұраймыз", – делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.