"ҚазАвтоЖол": 2025 жылы көліктер ақылы жолдармен 62 миллион рет жүрді
2025 жылы жүргізушілер ең жиі пайдаланған 10 ақылы жол аталды.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 2025 жылдың басынан бері жүргізушілер ең жиі жүрген ақылы жолдардың тізімін жариялады.
Компания дерегінше, биыл қазақстандықтар ақылы жолдармен жалпы 62 миллионнан астам рет жүрген.
Ең көп қозғалыс тіркелген учаскелер:
- Алматы – Қонаев – 10 млн рет
- Шымкент – Өзбекстан шекарасы – 7,8 млн
- Шымкент – Тараз – 5,5 млн
- Тараз – Қайнар – 4,6 млн
- Шымкент – Қызылорда – 4 млн
- Астана – Теміртау – 3,8 млн
- Қонаев – Талдықорған – 3,3 млн
- Астана – Щучинск – 3,27 млн
- Щучинск – Көкшетау – 2,82 млн
- Астана – Павлодар – 2,1 млн.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл көрсеткіш жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артып келе жатқанын байқатады.
"Ақылы жолдар тек жылдам әрі жайлы қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, қалалар мен өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, экономикалық дамуға да оң әсер етеді", – делінген хабарламада.