Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. 

Қуанышбек Есекеев

"Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Қуанышбек Есекеев 2010 жылдан бері "Қазақтелеком" АҚ компаниясын басқарып келді. Оған дейін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы, Қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметтерін атқарған болатын.