Қазақстан Үкіметі "Қазақтелеком" АҚ акцияларының 28,8 пайызын мемлекеттік меншікке қайтару туралы қаулы қабылдады. 

"Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақтелеком" АҚ жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын", – делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ,"Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413 412 жай акциясын республикалық меншікке береді. Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.