11-13 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктерде жаңбыр жауып, түнде қар жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Алғашқы екі күнде еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар жауады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі. Сондай-ақ, күндіз батыста және оңтүстікте найзағай ойнайды. Орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады.


Оқи отырыңыз: Көлігі су астында қалған азаматтар қалай өтемақы ала алады


Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. 12-13 сәуірде түнде солтүстікте және шығыста -1...-13 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.