Аязға байланысты бірнеше өңірдегі мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшті.

Семейде бүгін аяз бен қатты желдің салдарынан бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары үйінде қалды. Облыста да мектептегі сабақтар тоқтатылды.

Павлодарда -30 гардус. Бірінші ауысымда 1-11 сынып оқушыларының барлығы оқымайды.

Қостанайда таңертең ауа температурасы -23 шамасында, жел соғады. 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді. Аяз беті қайтпаған аудандарда да үлкен сынып оқушылары үшін де сабақтар тоқтатылды.

Өскеменде ауа температурасы -25 -33 градусқа дейін төмендеп, қатты жел тұрады, бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сыныптар қашықтан оқытуға көшті.

Қазақстанның бас қаласы Астанада бірінші ауысымдағы мектептер және колледждің бірінші және екінші курс студенттері үйден білім алып жатыр. Екінші ауысымдағы оқушылар үшін сабақтар тоқтатылуы мүмкін.