Түркістан және Жамбыл облыстарында қолдан жалған құжаттар жасау және оларды бұрмалау арқылы шетел азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастыруға қатысы бар үш қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында шетелдіктерді іргелес мемлекеттің аумағына шекараның қиылысқан жерлері арқылы заңсыз тасымалдауға ниет білдірген қазақстандықтарға қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр.

Қызылордада ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, шетелдіктердің Қазақстан аумағында заңсыз болуы үшін жалған анықтамалар дайындау бойынша "делдалдық" қызметтер көрсетумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.

"Барлық көрсетілген факті бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Олардың мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. Заңсыз көші-қон арналарын жою жұмыстары жалғасып жатыр", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.