Мемлекет басшысы Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметіне Мағжан Ілиясовты тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", – делінген хабарламада. 

Бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болған Ержан Ашықбаев таяуда Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.