Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Ұлытау облыстарында құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды. 

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, алдағы 10 күнде бірқатар аймақта атмосфералық құрғақшылық күтіледі. 

Олардың тізімі төмендегідей:

Жамбыл облысында: Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Рысқұлов аудандарында;

Түркістан облысында: Түркістан, Сайрам, Шардара және Жетісай облыстарында;

Қызылорда облысында: Арал ауданында;

Алматы облысында: Балқаш және Жамбыл облыстарында;

Ұлытау өңірінде: Ұлытау ауданы.