Биыл "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 68 202 қарыз берілді. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"1 маусымдағы мәлімет бойынша "7-20-25" бағдарламасы аясында 916,9 млрд теңгеге 68 202 қарыз берілді. Оның ішінде, Астана 24 423, Алматы 13 557, Шымкент қаласы бойынша 5171 өтінім берілген" – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бағдарламаға қатысты сұрақтар бойынша,  + 7 (727) 227-20-25 нөміріне хабарласуға болады