Қазақстандықтардың Вьетнамға 30 күнге визасыз баруына жол ашылады
Сапарға шыққан адамда ұлттық паспорт болуы қажет.Қазақстан және Вьетнам екі ел арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Оған сәйкес, Қытай аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге баратын қазақстандықтар визалық талаптардан босатылады. Бұл ретте 180 күн ішінде азаматтың Қытайда болған күндерінің жалпы саны 90 күннен аспауы тиіс.
Келісімге Қазақстан тарабынан премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қол қояды.
"Келісім екі ел азаматтарының сапар рәсімдерін жеңілдете отырып, Қазақстан мен Вьетнам социалистік республикасы арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді" делінген оның түсіндірме жазбасында.
Ашық НҚА порталында жариялаған келісім жобасының жария талқысына 2 маусымға дейін қатысуға болады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар Қытайға 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз бара алады