Қазақстандықтардың 38 пайызы соңғы жылда материалдық жағдайы жақсарды деп санайды – зерттеу
Қызылорда облысы тұрғындарының 56 пайызы соңғы жылдары жеке әл-ауқатындағы өзгерістерді оң бағалады.Отандық компанияның зерттеуінше соңғы 12 айда жеке материалдық жағдайдағы өзгерістерді нақты бағалау қосалқы индексі 6,1 тармаққа өсті. Сауалнамаға қатысқан ел тұрғындарының 37,9 пайызы соңғы жылда жеке материалдық жағдайлары жақсарды деп санайды. Қазан айында олардың саны 33,5 пайызды құраған еді.
"Әдеттегідей қазақ тілді респонденттер неғұрлым оптимистік нәтижелер көрсетті. Олардың 49 пайызы жеке әл-ауқат мәселесі бойынша жағдайларының жақсарғанын атап өтті. Ал орыс тілді респонденттер арасында олардың тек 30 пайызы ғана жиналды", – делінген зерттеуде.
Сондай-ақ сауалнама барысында респонденттердің жасы ұлғайған сайын оң көзқарас танытпайтыны байқалды. Жастардың 59 пайызы оң жауап нұсқасын таңдаса, ал аға буын арасында олардың үлесі 25 пайызды құрады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың 35 пайызы қарашада ет пен сүттің бағасы қымбаттағанына алаңдайды
"Қызылорда облысы көш бастап тұр, онда тұрғындардың 56 пайызы соңғы жылдағы жеке әл-ауқатындағы өзгерістерді оң нәтижеге бағалады. Қазан айындағы көшбасшы – Маңғыстау, ол 41% нәтижемен екінші орынға жайғасты. Өңірлік рейтингте соңғы орында Солтүстік Қазақстан облысы тұр, онда оң жауаптардың үлесі – 23 пайызды құрады. Өңір тағы да соңғы орында тұр, бірақ соған қарамастан көрсеткіштің жақсарғанын атап өтеміз, себебі қазан айында ол 21 пайызды құраған еді", – деп жазылған FFG компаниясының зерттеуінде.