2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында банктер 7,9 трлн теңгеге жаңа несие берді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 триллионға немесе 37%-ға көп, деп хабарлады Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.

Бизнес үшін несиелер бойынша баға шарттары жақсарды (орташа алынған мөлшерлеме жыл басындағы 18,7%-дан 17,9-ға дейін төмендеді), бірақ бөлшек сегментте сәл нашарлады (17,9%-дан 20%-ға дейін өсті). Мамандар мұның себебі жыл соңында өткізілетін маркетингтік науқандардың себебінен екенін айтуда.

"2024 жылдың бірінші тоқсанында берілген жаңа несиелердің көлемі күрделі қаржылық жағдайларға, негізгі капиталға инвестицияның азаюына (-0,8%) және жалпы экономикалық өсудің жалпы баяулауына қарамастан өсімін сақтап қалды", – деп атап өтті қауымдастық.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда төлемін 90 күн кешіктірген адамға несие рәсімдеуге тыйым салынады


2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың алғашқы үш айында бөлшек несиелендірудің өсу драйвері өзгергені хабарланды: бұрын бұл тұтынушылық несие болса, қазір –ипотека (+55%).