eGov мобильді қосымшасында және порталында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтініш беруге болады. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қоғаммен байланыс басқармасы хабарлады.

Енді әр қазақстандық несие мен шағын несие алуға өз атынан ерікті түрде тыйым сала алады. Оны eGov mobile мобильді қосымшасындағы және eGov.kz электронды үкімет порталының жаңа сервисін қолдану арқылы жасауға болады.

Өтінішті азаматтың өзі ғана толтыра алады. Несиелер мен шағын несиелерді алуға тыйым салу 6 айға белгіленеді және бұл мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде тыйым алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта алып тастауға болады.

"Бірінші кредиттік бюромен бірлесе несиелер алуға ерікті түрде тыйым салу қызметін іске қостық. Азаматтың өзі ғана ерікті түрде несиеден бас тарта алады. Осы арқылы азаматтарды өзгелердің атынан заңсыз несие алуға тырысатын алаяқтан қорғағымыз келеді", – деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Дәл осындай сервис Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) сайтында ақылы түрде қолжетімді. Электрондық үкімет порталында өтініш берген кезде БКБ қызметіне жарамды өтінімнің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Мысалы, өтінім болмаса тыйым салуды орнатуға өтініш беру керек. Сұраныс болса, тыйымды алып тастау туралы өтініш беруге болады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда онлайн несие рәсімдеу қиындайды


Несие алудан ерікті бас тарту қызметі eGov mobile қосымшасының басты бетіндегі "Танымал қызметтер" бөлімінде қолжетімді. Дәл осы қызметті eGov.kz порталының "Азаматтарға" – "Кеден және салықтар" – "Экономика және қаржы" бөлімінен алуға болады.

Мыналарды ескеру қажет:

  • сервис үшінші тұлғалардың несие алу мүмкіндігін мүмкіндігінше шектейді, қаржы институттарын азаматтың несие беруге тыйым салынғаны туралы хабардар етеді, бірақ несиенің берілмеуіне толық кепілдік бермейді;
  • жеке тұлғаның өтелмеген міндеттемелері/ белсенді қарызы бар қаржы институттары ол туралы ақпаратты сұраған кезде бұл жеке тұлғаның несиелерді өңдеу үшін оның деректеріне қол жеткізуді шектегені туралы қосымша ақпаратты алады;
  • несие беру туралы шешімді несие беруші дербес және өз қалауы бойынша қабылдайды;
  • сұралған несиелік өтінімдердің мәліметтерін пайдаланушы Бірінші несиелік бюро сайтындағы жеке кабинетне көре алады.