Қазақстандықтар eGov арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады
Тыйым салғаннан соң банк тағы несие берсе, ол міндеттемелерді орындаудан босатылады.Қазақстандықтар алаяқтардан қорғану үшін өз атына несие алуға тыйым сала алады. Депутаттық сауалға орай тиісті заңнамалық түзетулерді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірледі.
"Жеке тұлғаның несие мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту құқығы электронды үкімет порталында және eGov Mobile қосымшасында жүзеге асады. Қарыз алушының несие тарихында бұрын бас тартқаны туралы мәліметтер болса, банктер мен микроқаржы ұйымдарынан жеке тұлғаға несие беруге тыйым салуды енгізеді. Рәсімдеуге тыйым салған жағдайда жеке тұлғаны берілген қарыз бойынша міндеттемелерден босату туралы түзету енгізіледі" - делінген хабарламада.
Ведомствоның айтуынша, заңнамалық түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен бірге талқыланып жатыр.
Оқи отырыңыз: Әскерде жүрген сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылады