Қазақстандықтар Астана күніне орай 4 күн демалады
1 шілдедегі демалыс 7 шілдеге ауыстырылды.Үкімет елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 1 шілде – сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге ауыстырылды.
"Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар биыл Астана күніне 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады. Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады"6 – делінген хабарламада.