Қазақстандықтар әлемнің 7 елінде тегін оқи алады
Гранттар бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша бөлінеді.Білім және ғылым министрігінің мәліметінше, олар Қазақстан мен басқа елдер арасында министрлік бастамасымен жасалған үкіметаралық келісім шеңберінде тегін оқиды.
Яғни6 Мажарстан, Польша, Қытай, Украина, Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам университеттерінде тегін оқу мүмкіндіктері бар.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстанға ең көп білім грантын Мажарстан бөліп отыр – 250, Қытай – 47, Польша– 11, Украина – 10, Словакия – 3, Әзірбайжан – 8, Вьетнам – 1.
Оқи отырыңыз: Магистратура мен докторантураға түсу бойынша 8 маңызды сұраққа жауап
"Біз ойлау логикасының деңгейін, сөйлеу сапасын, кез-келген жағдайдағы мәселелерді шешу бойынша үміткерлердің жеке қасиеттері мен дағдыларын бағаладық. Білім беру гранттарын тағайындау туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды", – деді БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрібозова.
Үміткерлерді іріктеу жұмыстарын депутаттар, сарапшылар, инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторларынан құралған тәуелсіз комиссия жүргізетін болады.