Қазақстандықтар Африканың тағы бір еліне визасыз бара алады
Қазақстан бұл жолы Марокко корольдігімен келісімге келді.Сыртқы істер министрлігі Ашық НҚА порталында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко корольдігінің Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы" Үкімет қаулысының жобасын жариялады.
Порталда жобамен бірге екі ел үкіметі арасындағы келісім мәтіні де таныстырылған. Оған сәйкес, қазақстандықтардың Марокко аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге баруы үшін оларды визалық талаптардан босату жоспарланып отыр. Бұл ретте 180 күн ішінде азаматтың Мароккода болған күндерінің жалпы саны 90 күннен аспауы тиіс.
Жобада келісім мәтіні таныстырылған. Оған сәйкес, қазақстандықтардың жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды (келісім-шарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттар) жүзеге асыру мақсатында Қытай аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге баруы үшін оларды визалық талаптардан босату жоспарланып отыр. Бұл ретте 180 күн ішінде азаматтың Қытайда болған күндерінің жалпы саны 90 күннен аспауы тиіс.
Оқи отырыңыз: Марокко шегірткесімен күрес: Түркістан облысы химиялық өңдеу жұмыстарын күшейтті
Сәйкесінше, Қытай азаматтарының Қазақстанда болуы үшін де дәл осындай шарттар қолданылады. Көрсетілген мерзімнен артығырақ болу үшін азаматтар виза рәсімдеуі тиіс.
"Жобаны қабылдау ұлттық, жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босатуды бекіте отырып, Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы тығыз ынтымақтастықтың дамуына мүмкіндік береді", – делінген Сыртқы істер министрлігінің түсіндірме жазбасында.