Қазақстандықтар 7 ақылы жолдан өткен кезде төлем әдістері туралы SMS-хабарлама алады
Қазақстанда жалпы ұзындығы 2200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар.Ақылы жол пайдаланушыларын уақтылы хабардар ету үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы SMS-хабарлама қызметінің пилоттық жобасын іске қосты.
Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иесі SMS-хабарлама алады. Хабарламада төлем әдістері туралы сілтеме де қарастырылған.
"SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді. Олардың қатарында Астана-Павлодар, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған және Щучинск-Көкшетау күре жолдары бар. Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде ("Астана-Щучинск"," Астана-Теміртау"," Алматы-Қонаев"," Алматы-Қорғас") SMS-хабарлама келмейді", – делінген компания мәліметінде.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы ұзындығы 2200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар.
Оқи отырыңыз: Ақылы жол қызметінің ақысын төлеу тәртібі өзгереді