Әлемнің 91-ракеткасы Александр Шевченко Алматы ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 79-ракеткасы, сербиялық Ласло Джеремен өткізді.

Тартысты өткен екі партия да Шевченконың пайдасына шешілді – 7:6 (7; 1), 7:6 (14:12).

Екі сағат 6 минутқа созылған бәсекеде Александр Шевченко 10 эйспен бірге 3 брейктің біреуін пайдаланды.

Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін әлемнің 41-ракеткасы, франциялық Корентен Мутемен кездеседі.

Beeline Janymda – спортта да, желіде де сенімді серік.