Қытайда қазақстандық Tapgan Tech стартабы мен қытайлық Global Whale сауда-инвестициялық компаниясы арасындағы инвестициялық келісім жасалды. Бұл стартап "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар" КЕАҚ  жасыл акселерация жобасына қатысады.

Бұл уағдаластықтарға ХЖТИЖО мен Қытай Үлкен шығанағы аймағының импорт және экспорт қауымдастығы (GBAIEA) арасындағы стратегиялық келісімге қол қою арқылы қол жеткізілді.

"Серіктестік жасыл технологияларды дамытуға, қазақстандық жобаларды Қытай нарығында ілгерілетуге және Оңтүстік Қытайдың өндірушілерімен, экспорттаушыларымен және инвесторларымен берік байланыс орнатуға бағытталған. Сонымен қатар, "Бір белдеу, бір жол" экологиялық технологияларды беру орталығы (BRETTC) мен ХЖТИЖО арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатта жасыл технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды дамыту, стартаптарды қолдау, тұрақты урбанистік жоспарлау, шығарындылар мониторингі және қалдықтарды басқару салаларындағы тәжірибе алмасулар көзделген", – делінген хабарламада.

Ең маңыздысы, бұл ынтымақтастық – Қазақстанда халықаралық стандарттар мен технологиялық трансформацияны енгізу бойынша ХЖТИЖО-ның стратегиялық міндеттерімен тікелей байланысты.

Үш келісім де Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты даму саласындағы іс жүзіндегі өзара іс-қимылдарға қызығушылықтың артып отырғанын көрсетеді. Тараптар диалогты жалғастыруға, бірлескен бастамаларды дамытуға және Қазақстанның инфрақұрылымына экологиялық және цифрлық шешімдерді енгізуге деген өз ниеттерін растады. Қол қойылған құжаттар – халықаралық серіктестікті нығайту және жасыл күн тәртібін кеңейту жолындағы маңызды қадам.


Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіптік-техникалық колледжі құрылады