2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 499 кәсіпорынның 12,6 мың жұмыскеріне жалақы төлемегені белгілі болды. Төленбеген жалақы сомасы 2 млрд 845 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 414 нұсқама беріліп, 67,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

"Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 9,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2 млрд 319,7 млн теңге төленді", – делінген министрлік хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің айлығы орташа жалақыдан 40 пайыз төмен