ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың айтуынша, Қазақстанда 66 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр.

Үкіметтің бірлескен отырысының кулуарында министр жазда жөндеу жұмыстары басталған 260 мектептің 194-інде ғана жұмыс аяқталғанын айтты.

"Қазір білім басқармаларымен, әкімдіктермен байланыстамын.  Жөндеу жұмыстарын қыркүйектің ортасында, қазанның ортасында аяқтайтындар бар. Ең бастысы, жөндеу жұмысы болып жатқан кезде басқа мектепке ауыстырылған балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», –  деді Ғани Бейсембаев.

Ол мектептерде жөндеу жұмысы аяқталмай жатуының себебі – кей мектепті  жөндеу үшін үш айдан астам уақыт қажет екенін айтты.


Оқи отырыңыз: "Жартылай кітапхана, жартылай мұражай". Қазақ мектебінің ұлттық моделі қандай болуы тиіс?