Үкімет басшысы Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында әуе рейстерінің жиі кешігуіне байланысты жолаушыларды ерікті сақтандыру жобасын қарастырылып жатқанын хабарлады. Жоба 2025 жыл соңына дейін пилоттық режимде іске қосылуы тиіс. 

"Ерікті сақтандыру жүйесі әуе рейсі уақытында өзгерістер болған жағдайда, оның себебіне қарамастан, жолаушылардың дереу сақтандыру төлемін алуына мүмкіндік береді", – деп түсіндірді Олжас Бектенов. 

Бұл жобаны жүзеге асыруда техникалық әзірлеушілер тартылып, қазіргі таңда әуе компанияларымен және сақтандыру компанияларымен ақпараттық жүйе платформаларын интеграциялау бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Тағы да айтайық, сақтандыру ерікті түрде жасалады.  


Оқи отырыңыз: 


Үкімет басшысының түсіндіруінше, әуе рейстерінің кешігуінің жиілеуі бірінші кезекте жолаушылар санының өсімімен және бірқатар әуежайда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанымен байланысты. Олардың қатарында Астана, Павлодар, Ақтау, орал, Жезқазған, Балқаш қалаларындағы әуежайлар бар.