Кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2023 жылғы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 3 437,3 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер (1 683,8 мың адамды) – 49%, әйелдер (1 753,5 мың адамды) – 51%, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы. 

Қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақыны:

  • 70 000 теңгені қызметкерлердің – 1,5%;
  • 70 000-нан 150 000 теңгеге дейін – 22,8%;
  • 150 000-нан 300 000 теңгеге дейін – 36,2%;
  • 300 000-нан 600 000 теңгеге дейін – 30,8%;
  • 600 000-нан 900 000 теңгеге дейін – 5,5%;
  • 900 000-нан 1 200 000 теңгеге дейін – 1,7%;
  • 1 200 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін – 0,6%;
  • 1 500 000 теңгеден жоғары жалақыны қызмектерлердің 0,9 пайызы алды.

Оқи отырыңыз: 2024 жылы АЕК, жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшері қанша болады?


"Сондай-ақ, бюро қызметкерлер жалақысының медианалық мәнін есептеді, 2023 жылы оның мөлшері 251 356 теңгені құрады (2022 жылы – 204 149 теңге ). Айта кету керек, медиана – бұл барлық жалақы мөлшерін өсу ретімен орналастырғандағы тізімнің орталық мәні, нәтижесінде барлық жұмысшының жартысы одан көп, ал екінші жартысы одан аз алады деген сөз", – делінген зерттеуде. 

Бұдан өзге қызметкерлер жалақысының модальді мәні – 81 377 теңгені құрады. Бұл жұмысшылар арасында неғұрлым жиі кездесетін жалақы мөлшері.

Орта білімі бар қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 230 841 теңгені, жоғары білімі барларда – 398 214 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлардікі 505 170 теңгені құрады.

Қызметкерлер жасы бойынша:

  • 16 жастан 24 жасқа дейінгілердің орташа айлық жалақысы – 223 165 теңге;
  • 25-тен 28 жасқа дейін – 284 278 теңге;
  • 29-дан 34 жасқа дейін 324 276 теңге;
  • 35-тен 44 жасқа дейін 356 082 теңге;
  • 45-тен 54 жасқа дейін 330 626 теңге;
  • 55-тен 64 жасқа дейін 305 319 теңге;
  • 65-тен жоғарылардікі – 284 378 теңге.

Оқи отырыңыз: Жұмысшылардың жалақысына бөлінетін субсидияның ең төменгі мөлшері өзгереді