Наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда алтын неке сақиналары айтарлықтай қымбаттаған, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Статистика бойынша, айлық өсім 5,5%-ды құраса, жылдық мәнде баға 45%-ға дейін артқан.

"Өңірлер бөлінісінде ең төменгі жылдық қымбаттау Маңғыстау облысында тіркелген – 14,5%. Ал Шымкентте бұл көрсеткіш 29%, Астанада 29,9% болған. Ең жоғары өсім Ұлытау облысында байқалды – бір жыл ішінде неке сақиналарының бағасы 71%-ға өскен", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар елде зергерлік бұйымдар өндірісі де өсіп келеді. 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында өндіріс көлемі 7,7%-ға артып, 2,7 млрд теңгені құраған.