Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрықтың жобасын дайындады.

"Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген жобада.

Мына түрдегі мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынбайды:

  • автокөлік өндірушісі ұсынған газ цистерналарында шығару;
  • өнеркәсіптік өндіріске енгізу мақсатында тәжірибелік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын іріктеуге, біліктілік және зертханалық сынақтар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған авиациялық отын;
  • ҚР Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде экспортталатын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында 2024 жылғы 19 тамызға дейін орналастырылған.