Былтыр маусымнан бастап ІІМ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, әділет, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесіп, балаларға туғаннан кейін бірден жеке сәйкестендіру нөмірін беру бойынша жаңа пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

"Егер бұрын ЖСН балаға ата-анасы АХАТ органдарына туу туралы куәлік алу үшін жүгінген кезде ғана берілсе, (көбінесе ұзақ уақыт өткеннен кейін) енді ЖСН балаға проактивті форматта туғаннан кейін, яғни туу туралы куәлік берілгенге дейін және Т.А.Ә. берілгенге дейін беріледі", – деп жазылған хабарламада.

Бұдан басқа, жаңа тетік кезінде балаға ЖСН беру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде оның туу фактісін бір мезгілде көрсете отырып, туу туралы медициналық куәлікті қалыптастыру кезінде перзентханада автоматты түрде жүзеге асырылатынын ескере отырып, бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді және бала саудасының ықтимал жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар бұл жаңалық жаңа туған нәрестелердің толық есебін жүргізуге ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, осылайша азаматтардың мемлекет қабылдайтын іс-әрекеттер, мемлекеттік қолдау шаралары мен қызметтер туралы хабардарлығын арттырады. 


Оқи отырыңыз: Жаңа туған сәбилерге енді есім қоюдан бұрын ЖСН бірінші беріледі


Мәселен, ЖСН балаға берілген кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер “Жеке тұлғалар” мемлекеттік деректер базасына келіп түседі және ата-аналарға қандай да бір құрылымдарға жүгінудің қажеті жоқ, өйткені жүйе мемлекеттік қызметтер кешенін көрсету үшін құжаттарды автоматты түрде сүйемелдеуді және дайындауды бастайды, оның ішінде – “бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақы алу бала”.