Қазақстанда электр самокаттарын жалға беретін JET Group компаниясы алдағы уақытта отандық такси қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның негізін қалаған кәсіпкер Мейрамбек Әбілқасов Forbes сайтына берген сұхбатында айтты. 

"Қазіргі таңда Jet сегіз елде жұмыс істейді. Дегенмен, біз отандық нарықта дамуды жоспарлап отырмыз, біздің басты мақсатымыз – отандық такси сервисін іске қосы. Қазақстанда отандық такси қызметінің қажеттілігі бұрыннан бар. Біз таксиді компанияның қолданыстағы сервистерімен біріккен транспорттық суперапптың бір бөлшегі етеміз. Біздің тәжірибеміз бен көрсеткіштеріміз бұл мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді деп есептеміз", – деді Мейрамбек Әбілқасов.

Айта кетейік, сервис қызметтерін бүгінде 7 миллионнан астам қолданушы пайдаланады.