Қазақстанда халықтың талап-тілегіне салғырт қараған 1,5 мыңнан астам шенеунік жауапқа тартылды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жазаланғандардың 600-і басшылық қызмет атқарады.

Бас прокурор Берік Асыловтың мәліметінше, биыл жергілікті атқарушы органдарға тұрғындардан 1 миллион арыз-шағым келіп түскен екен.

Кейінгі бес жылда әкімдіктен көмек сұрап баратын адамдардың саны екі есеге артыпты. Сондықтан бас прокурор атқамінерлерге халықтың түйткілін қарап, тез арада шешім қабылдау үшін жасанды интеллектінің көмегін пайдалануды ұсынып отыр.