Қазақстанда үздік бизнес өкілдерін анықтайтын "Парыз-2023" байқауы басталды
Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым бойынша өзара үздікті анықтайды.2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" байқауы басталды. Ол халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін бизнестің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым бойынша өзара үздікті анықтайды. Атап айтқанда:
- "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын";
- "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын;
- "Үздік ұжымдық шарт";
- "Экологияға қосқан үлесі үшін".
Сондай-ақ байқау аясында "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы табысталады.
Оқи отырыңыз: Жүлде қоры – 11,3 млн теңге. Астана күніне орай республикалық жыр мүшәйрасы өтеді
Байқау екі кезеңнен тұрады:
- өңірлік кезең;
- республикалық кезең.
Байқауға қатысу тегін.
Үміткерлер материалдарын қағаз түрінде және электронды форматта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.