Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі биыл тарифтік жоспар бойынша баға 7,7 пайыздан 57,3 пайызға дейін қымбаттағанын анықтаған.Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі операторлардан тариф құнын төмендетуді талап етіп отыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Агенттік өкілдері тексеріс абоненттердің шағымы негізінде жүргізілетінін айтты. Тұтынушылар бағаның өсуіне қатысты көп арыз түсірген. Одан кейін тарифтік жоспар құны мен ұялы байланыс қызметтері бағасының өзгеру динамикасы талданған. Нәтижесінде, тарифтік жоспарлар бойынша бағаның шамамен 50 пайызға өскені нақтыланған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 800 5G базалық станциясы орнатылды. Бір станция қанша тұрады?
Демек, олар ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан аса тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтеріп отырған. Ал, бұған қатысты ақпаратты байланыс операторлары тек өздерінің ресми сайттарында жариялапты.