Қазақстанда "Ұлттық басылым күнін" енгізу жоспарланып отыр
Үкімет қаулысы қабылданса, ол 2 ақпан күні мерекеленеді. Бұл – "Қазақ" газетінің алғашқы саны шыққан күн.Ашық НҚА порталында Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне өзгеріс енгізуді көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Оған сәйкес, тізімді "ұлттық басылым күнімен" толықтыру жоспарланған. Ұлттық басылым күні 2 ақпан болып белгіленген.
Қаулының түсіндірме жазбасына сәйкес, бұл шара ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваның 13 ақпандағы тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынған.
"28 маусым "Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні", 2021 жылдан бастап 1 қазан "Радио қызметкерлері күні" ретінде белгіленді. Бұл дәстүр БАҚ-тың маңыздылығын көрсете отырып, осы саладағы қызметкерлерді ынталандыра түседі. Ұлттық басылымның алғаш шыққан күнін ұлықтау Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан секілді елдерде дәстүрге айналды" делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің түсіндірмесінде.
Оқи отырыңыз:
- Аты бір, заты басқа. Қазақ баспасөзіндегі "егіздер"
- Қазақстандықтар қандай басылымдарды көбірек оқиды?
Еске салайық, 2 ақпан – "Қазақ" газетінің алғашқы саны шыққан күн.
Қаулы жобасы 3 сәуірге дейін қоғамдық талқыға ұсынылған.