Қазақстанда тағы бір жол ақылы болады
Ақылы жолдың ұзындығы 180 шақырым.Көлік министрінің "Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрығы дайындалды.
Атап айтқанда, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Үшарал – Достық учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны анықталды.
Ақылы жолдың ұзындығы 180 шақырым.
Автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы жолдағы ақы мөлшерлемесі белгіленді. Ақылы жолдың қызмет ету мерзімі – 20 жыл.
Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылады.
Бұған дейін Қазақстанда ақылы жолдардағы тарифтерді тағы 20 пайызға көтеруді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.