Энергетика министрі 2024 жылғы 8 қарашадағы "сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге автомобиль және теміржол көлігімен сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды әкетуге тыйым салу енгізілсін, делінген құжатта.

Келесі жағдайларда тыйым қолданылмайды:

  • өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Салық Кодексінің 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие ҚР президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуі;
  • Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды ҚР халықаралық шарттары негізінде әкету;
  • ҚР шегінен тыс басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдар;
  • ҚР үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетіледі.

Бұйрық 2024 жылғы 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.