Қазақстанда шектен тыс мобильді аударым қабылдаған 8 мың қазақстандық "күдікке" ілінді
Олар – декларацияны бірінші кезеңде тапсырған мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары.Мемлекеттік кірістер комитеті бұл іс бойынша қазір тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жалпы, декларацияның бірінші кезеңінде 580 мыңдай мемлекеттік қызметкер құжат толтырған. Кірістер комитеті департаментінің директоры Нұржан Қуандықов 8 мың азаматқа бірден айыппұл салынбайтынын, себебі ақпараттың әлі де нақтылайтын тұсы бар екен.
Оқи отырыңыз: 2025 жылға қарай 13 млн қазақстандық декларация тапсырады. Олар нені ескеруі керек?
Айта кетейік, бұл санаттағы азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «кіріс» декларациясын тапсырып жатыр.