Ұлттық статистика бюросының 1 сәуірдегі мәліметінше, Қазақстанда тіркелген 3 миллион 833 мың жеңіл көлік бар.

Биылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанда 204 238 жеңіл автомобиль есепке қойылса, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9 пайыз аз. 

Тіркелген көліктердің басым бөлігінің шыққанына 10 жылдан астам уақыт өткен. Оны төмендегі графикадан көріге болады. 

Loading...

Аталған мерзімде тіркелген жеңіл көліктердің 85 пайыздан астамы бензинмен жүреді. Газбен жүретін көліктердің үлесі 1 пайызға да жетпейді. 

Loading...

2022 жылғы бірінші тоқсанда 2 600 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 0,8% азайды.

1 сәуірдегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 10,7 млрд теңге сомасында 21 370 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 10 млн теңгеге қандай көлік сатып алуға болады?