Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынады
Қазақстанда қоқыс өңдейтін 41 зауыт салынады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкімет отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі талқыланды.
Қазіргі уақытта Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауында жалпы сомасы 307 миллиард теңге болатын 65 жоба бар.
"Ұсынылған кәсіпорындардың барлық тізімінен 41 қызмет қоқысты қайта өңдеуге бағытталған. Олардың жалпы өңдеу қуаты жылына 1,1 миллион тонна болады. Тізімдегі жобалардың барлығын іске асыру 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және 54,6 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.