Қазақстанда отандық фильмдердің прокаты 2030 жылға дейін 35 пайызға артады
Сондай-ақ, қазақстандық кинематографияның халықаралық фестивальдер мен конкурстардағы аясы ұлғаятын болады.Қазақстанда отандық фильмдердің прокаты 2030 жылға дейін 35 пайызға артады. Бұл туралы Үкімет отырысында мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов баяндады.
"Отандық кинематографияны, соның ішінде жеке кинокомпанияларды дамыту және қолдау шаралары арқылы қазақстандық фильмдердің прокат көлемі 2030 жылға дейін 35 пайызға (2022 жылы – 13 пайыз) артатын болады, сондай-ақ қазақстандық кинематографияның халықаралық фестивальдер мен конкурстардағы аясы ұлғаятын болады", – деді министр.
Оқи отырыңыз: Кинотеатрлар неге әлеуметтік фильм көрсетуден қашады? Режиссермен сұхбат
Сонымен қатар, Асхат Оралов алдағы уақытта мемлекеттік театрлардың репертуары жыл сайын отандық авторлардың кем дегенде 1 қойылымымен толығып отыратынын жеткізді.