Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде өлім-жітім көрсеткіші 26,9 пайызға азайған. Өткен жылы 133,5 мың адам қайтыс болған, оның ішінде 62,4 пайызы 63 және одан жоғары жастағылар.

Ең жоғарғы көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда байқалды.

"Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды. Бұл осы өңірлердегі халықтың жас құрылымымен байланысты болып отыр" – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда бала туудың өсуі жәрдемақының енгізілуімен байланысты – сарапшылар


Былтыр 1 жасқа толмаған 3154 нәресте қайтыс болған.

"Өлім-жітімнің негізгі себептері – қан айналымы жүйесінің аурулары 22,7 пайыз, ісік – 10,4 пайыз, тыныс алу органдарының аурулары – 9,8 пайыз, жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттар – 8,4 пайыз және ас қорыту жүйесінің аурулары – 8 пайыз болды" - делінген хабарламада.